Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Күлтегін» бейнеленген 1000 теңгелікті қабылдамағандар жазаланады

Соңғы кездері «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1000 теңгелік банкноттарды сауда орындары мен дүкендерде қабылдаудан бас тарту жағдайлары жиілеп кеткен. Осы оқиғаларға байланысты еліміздің Ұлттық Банкі ескерту жасады. Бұл туралы аталған қаржы ұйымының баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Күлтегін» ескерткіші бейнеленген 1000 теңгелік банкноттарды қабылдамау – заңсыз көрінеді.

20180223185617

Ұлттық Банктің хабарлауынша, аталған банкноттар заңды төлем құралы болып табылады. Олар бойынша айналыс мерзімі белгіленбейді. Бұл банкноттар айналымнан табиғи тозуына қарай алынады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымындағы төрағалығына арналған 1000 теңгелік және Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымдағы төрағалығына арналған 1000 теңгелік ескерткіш банкноттар да заңды төлем құралы болып табылатынын еске салады. Олар бойынша айналыс мерзімі белгіленбейді. Бұл банкноттар да айналымнан табиғи тозуына қарай алынады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, айналыстағы банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту ескерту жасауға, ал әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан бас тарту шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 5, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 10, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ұлттық Банк қаржылық операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатындығын хабарлады.

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button