ЖаңалықтарЭкология
Көктайғаққа байланысты Атырау-Орал тас жолы жабылды
Көктайғаққа байланысты Атырау-Орал тас жолы жабылды.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметіне сүйенсек, аталған күре жол сағат 00.30-дан бастап жабылған. Қашан ашылатыны белгісіз.
Айта кетейік, бұған дейін ТЖ департаменті БҚО-да ауа райының өзгеретіні жөнінде ескерту жариялаған болатын. Яғни, 5-6 наурыз күндері өңірде күндіз ауа температурасы +7 градусқа дейін жылынып, жауын-шашын да молынан түседі. Қар күрт еріп, су көбейеді.
Хорлан Смадияр