
Жаңалықтар
JаsUp командасы әуе, зымыран, авто модельдеу бойынша ашық турнир өткізді
Құлсары қаласында авиа, авто, зымыран модельдеу бойынша ашық турнир өтті.
Оған негізінен Жылыой ауданынан 18 оқушы мен 5 педагог қатысты, сондай-ақ Махамбет ауданының өкілдері де болды.
Қатысушылар 3 номинация бойынша бақ сынасты.
Турнирге қатысушылар алғаш рет техникалық бағыттағы ауқымды жарыс куәсі болды әрі тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, турнир басталғанға дейін шағын шеберлік сағаты өтті. Онда ережелер, қауіпсіздік техникасы және жеңімпазды анықтау тәсілдері түсіндірілді.