Жарнама
Жаңалықтар

«Jana Jastar» белсенділері Қарттар үйінің ауласын ретке келтірді

Атырау қаласындағы қарттар үйінде іс-шара өтті. Атырау облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Jana Jastar» волонтерлік ұйымының бастамасымен тазалау жұмыстарын жүргізілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 5271
Screenshot

Іс-шараға 20-дан астам ерікті қатысты. Олар Қарттар үйінің ауласын қоқыстан тазартып, ағаш діңдерін әктеп, айналаны көркейтуге атсалысты. Еріктілердің сөзінше, бұл бастама – жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, үлкендерге деген ілтипатты іс жүзінде көрсетудің жарқын үлгісі.

— Мектеп оқушылары мен студенттер ерікті түрде қатысып, қарттарымыздың тұрғылықты жерін тазартып жатыр. Мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, аға буынға деген құрметті нығайтады, – деді белсенді ерікті Нұртас Айтқалиев.

Іс-шара барысында еріктілер қарттармен әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибесінен сыр шерткен естеліктерін тыңдады. Қариялар жастардың қамқорлығына риза болып, алғыстарын білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button