Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Исатай ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін, 18 наурызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Исатай ауданының кезектен тыс мәслихат сессиясына қатысты. Мұнда аймақ басшысы депутаттарға аудан әкімі лауазымына Марат Бисенғалиұлы Мурзиевтің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты қолдап, аудан активінде жаңа әкім таныстырылды.

IMG_7619-18-03-17-07-26

Марат Бисенғалиұлы Мурзиев 1981 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келіп, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2015 жылы Т.Рысқұлов атындағы қазіргі заманғы экономика университетін үздік тәмамдады.

IMG_7618-18-03-17-07-27

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласының табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі қызметінен бастап, 2011-2012 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. Ал, 2012 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Атырау облысының тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.

   А.ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button