ЖаңалықтарҚоғам
Исатай ауданында желден қуат алатын электр стансасы салынуда
Астанада өткен халықаралық мамандандырылған «ЕХРО – 2017» көрмесі аясында Атырауда бес жоба іске қосылады. Солардың бірі Исатай ауданында жүзеге аспақ.
Қазір ауданда қуаты 52 МВт-қа шақталған жел электр стансасының құрылысын «ВетроЭнергоТехнологии» компаниясы жүргізуде. Жалпы құны 12,382 миллиард теңгеге бағаланған жоба 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен қолданысқа енгізіледі. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, жел электрстансасы іске қосылған кезде жаңадан жиырма жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.
Исатай ауданы.