Исатайдан шыққан дизайнер оқушы күллі Қазақстанды таң қалдырды

img 20210429 wa0000 Жаңалықтар

Исатайлық оқушы республикалық байқауда топ жарды.

Республикалық «Алтын қайшы» жас дизайнерлер байқауында Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9 сынып оқушысы Ақбота Ислат жүлделі екінші орынды иеленді»,-деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Абай мектептер желісінің 8-10 сынып оқушылары арасында өтті. Шара барысында әр қатысушы нобай-сурет салуды, дизайн жасауды ,өз идеяларын жүзеге асыруды үйреніп қана қойма, өз модельдерінің көрсетілімін ұйымдастыра алатынын, киімнің барлық кезеңдерін, тігу технологиясын жақсы меңгерген байқатты.

Айта кетейік, байқау Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат”атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру негізінде қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақталған эстетикалық, мәдени мұраларын терең меңгерту, ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған.

img 20210429 wa0002
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз