Жарнама
Жаңалықтар

Иректі қоймасынан секундына 2400 текше метр су жіберілсе…

Ресейдің Иректі су қоймасынан су жіберу секундына 2400 текше метрге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл мәліметті Орск қаласының мэрі Василий Козупица мәлімдеген.

Orsk.ru сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Иректі су қоймасының тұтас толуы үшін әлі жарты метрдей деңгей бар. Суды қоймаға жіберу бұдан да көбейіп, тіпті өтпелі деңгейге дейін жетуі ықтимал. Орскіде Новоказачий, Малый Кумак, Первомайский, Джанаталап және Мостострой су астында қалуы әбден мүмкін.
-Өтпелі режим – бұл қанша көлемдегі су қоймаға жіберілсе, оның барлығын қойма қабылдай алады деген сөз. Бірақ қоймадағы судың деңгейі бірқалыпты болып қала береді. Қазір судың келуі секундына 2430 текше метрден асып түсті және әлі де жоғарылау үстінде. Демек, Иректі қоймасы осынша көлемдегі суды өзіне қабылдап, өтпелі режимде оны өз нысанынан тысқары шығарады, — делінген аталған дереккөздегі мәліметте.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button