Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Инвестициялық жобаларға – 100 млрд. теңге!

Аtr.kz/26 мамыр, 2020 жыл. Еліміздің қандай да бір өңірінде инвестициялық климаттың сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар оның қаржылық-бюджеттік тұрақтылығының өсуін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі бо­лып табылады.

Сондықтан, мемлекеттік билік ор­гандары отандық және шетелдік инвесторлардың келуін қамтамасыз ету және олармен өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс. Өңірімізде бұл жұмыстың қалай жүргізіліп жатқаны туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан ӘБІЛХАНОВ zakon.kz сайтының журналисімен болған сұхбатта айтып берді.

 – Атырау өңіріне ин­вестиция тарту үшін облыс басшылығы тарапынан не істелуде?

– Атырау облысында инвестициялық ахуалды жақсарту және өңір эконо­микасына инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 50- ден астам алыс-жақын шетел­мен табысты ынтымақтастық қатынастағы өңірімізде бүгінгі күні 1 000-нан астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Жалпы, 2019 жылы облы­сымызда инвестиция салуға мүдделі компаниялардың басшылары бастаған 20- дан астам шетелдік делега­ция болды. Жыл сайынғы өтетін «Atyrau Oil&Gas» және «Atyrau Build» көрмелеріне әлемнің әр елінен 150-ден астам компания қатысады. Бұл аймақтың іскерлік имиджін қалыптастыруға тың серпін береді.

Осымен қатар, инвестор­ларды тарту тәсілдерін жетілдіру мақсатында және өңірдің инвестициялық қызметімен б айл аныс ты мәселелерді жедел шешу үшін «инвестицияларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес» құрылды. Бұдан басқа, «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация­сы базасында «бір терезе» қағидаты бойынша инвестор­ларды қолдау және инвести­цияларды тарту бойынша өңірлік фронт-офис, сондай- ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобала­ры бойынша инвесторларға қолдау көрсететін «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «Атырау Innovations» ЖШС өңірлік өкілдіктері жұмыс істейді.

– Қандай инвестициялық жобаларды іс к е асы­ру жоспарланған, оның ішінде қаншасында нақты нәтижелер бар?

– Президент Жарлығымен б е к і т і л г е н Қ а з а қ с т а н Республикасының 2015- 2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асы­ру барысында мұнай- химия, фармацевтика және ауыл шаруашылығы, тыңайтқыштар (биогумус) өндірісі және ірі көлемді машина жасау тәрізді экономиканың жаңа секторла­рын құруға және ілгерілетуге жол ашылды. Барлығы 569,1 млрд. теңге болатын 28 жоба іске қосылып, 1 822 жұмыс орны ашылды. Яғни, оптикалық-талшықты кабель­дер, бұрғылау қондырғылары, б ұ р ғ ы л а у қ а ш а у л а р ы , металлпластикалық құбырлар, ірі габаритті және аса ауыр жабдықтар, бұрандалы жалғамалар сияқты өнім түрлерінің өндірісі іске қосылды.

Индустрияландыру карта­сы бойынша «Атырау МӨЗ қайта құру және жаңғырту (мұнайды терең өңдеу кешені)» жобасын іске асыру жаңа 450 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

– Ағымдағы жылы қанша инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр және нақты қандай са­лаларда?

– 2020 жылы жоспарланған жобаларды іске асыруға 100 млрд. теңгеден астам қаржы тарту және кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында үш жаңа жобаны іске қосу көзделуде. Химия өнеркәсібін дамыту үшін құрылған «Ұлттық индустриялық мұнай- химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында тоғыз қатысушы тіркелді. «Полимер Продакшн» ЖШС полимер өнімдерін өндіру жобасы, сондай-ақ, полипропилен өндірісі бойын­ша «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба­ны толықтай іске қосу келесі жылға жоспарлануда.

Арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылым нысандарының құрылысымен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-і айналысады. Жы­лына 1 250 мың тонна поли­этилен шығаратын «KLPE» ЖШС және каустикалық сода өндіретін «Global Chemical» ЖШС, пропан, бутан және синтетикалық табиғи газ ш ы ғ а р у б о й ы н ш а г а ­з офракциялайтын «Karabatan Chemical Corporation» ЖШС зауыттарының құрылыстары жобалау сатысында.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «АМӨЗ» ЖШС база­сында техникалық газ өндіруді көздеп отырған «Air Liquide» француз компаниясының жобасы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осы компания биылғы жылы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС-нің қажеттілігі үшін сығылған ауа мен азот өндіру жобасы бойынша құрылыс- монтаж жұмыстарына кірісуді жоспарлап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button