Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Индустрияландыру жалғасып жатыр

Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы еліміздің алдағы бағдарын айқындап, тәуелсіз  мемлекеттің  кемелденуіне жол ашады.

Елбасы жолдауы

Дәстүрлі Жолдау атыраулық мұнай өңдеушілер арасында да кеңінен талқылануда. Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері Мемлекет басшысының экспорттық әлеуеті жоғары өнді-рістердің дамуына ықпал ететін индустрияландыруды жалғастыруын қызу қолдайды. Осыған орай біздің зауытта ароматикалық көмірсутектер кешені іске қосылып, екінші жаңғыртудан өткенін атап өткім келеді. Бұл кезең Қазақстан мұнай химиясының жаңа белесін ашып, бензол мен параксилол өндірісі қолға алынды.

Зауытқа енгізілген жаңа инновациялық технологиялардың арқасында мұнай химиясы саласында жаңа экспорт көкжиегі ашылды. Өткен жылы кәсіпорында 6000 тонна бензол өндіріліп, экспортқа шығарылды. Заманауи технология мен кешендегі өндірістің тиімділігі бензолмен қатар, әлеуметтік маңызды жоғары октанды автокөлік бензинін шығаруды ұлғайтты.

Бүгінде зауытта жаңғыртудың үшінші кезеңі – мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы қарқынды жүргізілуде.  Жаңа жаңғыртудың жүзеге асуы жергілікті бюджетке мүлік пен акциздік салық түсімін көбейтеді, ал, республикалық қазынаға түсетін қосымша құн салығын арттырады.

Қазіргі таңда біздің алдымызда құрылыстың механикалық бөлігін аяқтап, қосып-баптау жұмысын бастау міндеті тұр. Зауыт ұжымы алда тұрған мақсаттың күрделі екенін сезіне отырып, жетістікке жету жолында барын салмақ. Сондай-ақ, біз өндірістік көрсеткіштерді жақсарту, өнім сапасын арттыру мен қоршаған ортаны қорғау, зауыт жұмысшыларын әлеуметтік қолдау мен денсаулығын сақтау жұмысын жал-ғастыратын боламыз.

Елдің ұзақ мерзімге арнал-ған бағдарламасын айқын белгілеген Елбасы бәрімізді бірлікке жұмылдыра отырып, Қазақстанның гүлдену жолында еңбектенуге шақырды. Біз де өз кезегімізде жетістікке жету жолында үлес қосатын боламыз.

Ғалымжан АМАНТУРЛИН,

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры:

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button