Жарнама
Жаңалықтар

InDrive жүргізушілері 50 шақырымнан астам жолға шыға алмайды

Жуырда республика Көлік министрі Марат Қарабаев InDrive қосымшасын пайдаланатын жүргізушілерге алыс қашықтыққа (50 шақырымнан астам) жүруге тыйым салудың жоспары туралы мәлімдеді. Бұл туралы телеграмдағы «НеХабар» ақпараттық ресурсы хабарлады.
Министр бұл жоспарын жол қауіпсіздігін сақтау талабымен байланыстырып түсіндіреді. Сонымен қатар, министр осылайша автостанциялар мен автовокзалдардың қызметін дамытуға серпін бергісі келеді. Ал бұл жаңалықты дүйім жұрт түсінбеушілікпен қабылдады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің «Respublica» партиясынан сайланған депутаты Айтуар Қошмәмбетов осы мәселе бойынша былайша мәлімдеді.
–Шын мәнінде, министрлік 30 жыл бойы автостанциялар мен автовокзалдардың бағытына назар аударған жоқ және проблема шешілмеген. Біздің елде ешқандай шектеу болмауы тиіс. Қалааралық автобус тасымалын дамыту үшін сізге тиісті жағдайлар, инфрақұрылым, жеңілдетілген несиелер қажет, тек тасымалдау арқылы аз ақша табатындарға тыйым салынбайды.
Сонымен қатар, өзге жерден өз ауылына жету үшін InDrive-тан басқа платформа қолданылмайтын тұстар да бар. Мысалы, Астанада қала маңындағы кенттерде автобус маршруттары жоқ. Тасымалдаушылардың қызметін шектей отырып, біз адамдарды тығырыққа тірейміз.
Мұндай жағдай – кез-келген қалада, аймақтар мен ауылдардың арасындағы байланыста бар. Жайлы пойыздар мен автобус маршруттары жоқ.
Министр мырза, мен бұған назар аударуды сұраймын. «Respublica» партиясының Мәжілістегі жұмыс тобының қарауына тасымалдаушылардың өзін-өзі реттейтін қызметі туралы заң жобасын қарау бойынша бірқатар ұсынысы бар. Сондықтан бір үстелдің басына жиылып, бәрін мұқият, жан-жақты талқылау керек, — деді А.Қошмәмбетов.
Қуандық ШӘКІРОВ

Сурет aikyn.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button