Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

Індет жұқтыру азаюда

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Коронавируске шалдыққан 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Олардың арасындағы 246 адамның денсаулығы нашар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов баяндады.

«Ресми статистикаға келетін болсақ, биылғы 13 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирустық инфекциямен 99 442 адам ауырды. Жазылып шыққан науқастың саны 72 523 немесе 72,9 пайыз. Стационарларда 4 713 адам ем қабылдауда және 20 937 амбулаторлық жағдай емделуде» деді ресми өкіл. Оның баяндауынша, науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар, 69-нің саулығы өте нашар деп бағаланып отыр. Соңғы бір тәулікте COVID-19 вирусын 741 адам жұқтырған.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция және оған ұқсас белгілері бар пневмония деректерін статистика қатарына қостық. Біз үшін ең маңыздысы – күресті күшейтіп, жағдайды одан әрі жақсарту. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазір қолымызда жан-жақты сараланған мәліметтер бар» деді Бағдат Қожахметов. Мамандар Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтағанын айтып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button