ЖаңалықтарЭкология
ИНДЕРДЕ СУ БАСУ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Индер ауданында тұрғын үйлерді су басу қаупін алдын-алу бойынша кезектен тыс ТЖ комиссиясы отырысы өтті.
Бүгін аудан әкімі С.Өтеғұловтың төрағалығымен Индер ауданында жауған жаңбыр және қар еру салдарынан көшелерде жиналған суларды сору және тұрғын үйлерді су басу қаупін алдын-алу мәселелері бойынша кезектен тыс төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына мекеме, кәсіпорын және әр салаға жауапты басшылар қатынасты.
Аудан басшысы кент және ауылдық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына теңгерімдеріндегі техникаларды дер кезінде жұмылдырып, су басу жағдайын жою бағытында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
«Индер ауданы ТЖБ»