Жарнама
Жаңалықтар

Индерде шешімін күткен мәселелер күн тәртібіне қойылды

Өңір басшысы Серік Шәпкенов Индерге жұмыс сапары кезінде тұрғындармен жүздесіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен даму жоспары жөнінде баяндады, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

img 1933

Тұрғын үй саласы 

Аймақ басшысының айтуынша, басым бағыт санатында тұрғындарды апатты жағдайдағы үйлерден көшіру мәселесі тұр. 2022–2024 жылдары 13 көп қабатты үйдің  112 пәтерінен тұрғындар  көшірілген.  Биыл жыл аяғына дейін Жарсуат пен Бөдене ауылдарында тағы 39 отбасы жаңа баспанаға ие болады. Индерборда 80 пәтерлік, Бөденеде 12 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. 1322 жер учаскесі жеке тұрғын үй салуға қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. 

Жол инфрақұрылымы 

Жүзеге асырылып жатқан жол жобаларының жалпы құны 6,2 млрд теңгені құрайды. Индербор кентінде және “Болашақ”, “Шығыс” ықшамаудандарында ауылішілік автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары салынып жатыр. Ауылдық елді мекендердегі 8,4 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. “Атырау–Орал” тасжолының  Индерборға дейінгі 7 шақырымдық кірме жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

img 1935

“Атырау–Индер” автожолының жағдайы аудан тұрғындары үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Жолдың 117–167 шақырымы аралығында орташа жөндеу басталғанымен, жұмыс аяқсыз қалды. Әлбетте, тұрғындардан көп шағым айтылды. Сол себептен мердігермен келісімшарт бұзылады, енді мұнымен басқа мердігер айналысады. Бұған дейінгі жұмыстардың қаншалықты сапалы жүргізілгеніне сараптама жасалады”,– деді Серік Шәпкенов.

Спорт және жастар инфрақұрылымы 

Ауданда жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба іске асуда. Оның ішінде Көктоғай ауылында салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Индербор, Елтай және Бөдене ауылдарындағы жаңа спорт кешендерінің құрылысы бар. Бірқатар ауыл мен мектеп аулаларында заманауи спорт алаңдары бой көтеруде. 

Денсаулық сақтау 

img 1936

Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында заманауи компьютерлік томография аппараты сатып алынды. Бұл аудан тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ, ауданда диагностикадан өтуге мүмкіндік береді. 

Коммуналдық инфрақұрылым 

Аққала ауылындағы су тазарту станциясы жаңғыртылуда. Индербор мен Көктоғайдағы станцияларды жаңарту, сондай-ақ Индербордағы кәріздік сорғы станциясын күрделі жөндеу жобалары әзірленді. “Ару-Ана” тұрғын үй кешенінде кәріз жүйесін қосу жұмыстары аяқталды. 

img 1931

Облыс әкімі тұрғындармен кездесу барысында халықтың ұсыныс-пікірін  тыңдап, кейін Индер ауданының азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

img 1938

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button