Жарнама
Жаңалықтар

Индердегі әскери қызметшілер бөгет соғуда белсенді

Республика Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Атырау облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға қол ұшын созу үшін Индер ауданына 350 әскери қызметші келді.


Ауданы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар Индербор кенті, Құрылыс ауылы және Өрлік, Есбол ауылдық округтеріне бөлінді.

–Тараз қаласындағы 85395 әскери бөлімінің қызметшілері Индер ауданына ат басын тіреді. Өрлік ауылына – 28, Есболға – 54, Құрылысқа – 106, Индербор кентіне 112 сарбаз бөлініп, олар ауылдардағы спорт кешені мен мектепке орналастырылды. Жергілікті тұрғындардың үрей, қорқынышқа берілуіне негіз жоқ! Әскери қызметшілер жаға бекіту жұмыстарына қосымша күш ретінде ғана тартылып жатыр. Сарбаздар қазір ауыл тұрғындарына қапшыққа құм қаптау және бөгетті бекіту жұмыстарына белсенді түрде көмектесуде, — дейді аудан әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Әли Жайшылық.

Ал әскери қызметші Ерік Жайлауов ел басына күн туған сын сағатта жұдырықтай жұмылу әрбір сарбаздың азаматтық парызы екенін атап айтты.

–Атыраудағы көктемгі су тасқыны кезінде қауіп-қатердің алдын алу жұмыстарына бір кісідей атсалысып жатырмыз. Бұл – біздің Отан алдындағы азаматтық міндетіміз. Біздің күшіміз – бірлікте! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Елде ешқандай қайғы-қасірет болмасын, — дейді Е.Жайлауов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Индер ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button