Жарнама
Жаңалықтар

Индерде ашық аспан астындағы тарихи мұражайдың құрылысы жүруде

«Димаш төбе» мұражайы Индербор кентінен шығысқа қарай 8 шақырым жерде, Индер-Қарабау тасжолының бойында орналасқан. Былтыр желтоқсан айында басталған құрылыс жұмыстары биыл маусымда аяқталады деп жоспарланған.

Бұл туралы Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дарын Ілиясов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 2072
Screenshot

-Бұл мұражай демалыс орны емес, тарихи-танымдық нысан. Ашық аспан астындағы музейде өңірдің тарихи жәдігерлері, археологиялық олжалар мен мәдени мұралары көрініс табады. Бұл мұражайдың аймақтың туристік тартымдылығын арттырып, Қазақстанның мәдени мұрасын дәріптеуге елеулі үлес қосатынына сенемін, — деді Д.Ілиясов.

img 2071

Құрылыс жұмыстарын «СК Лира» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда. Бүгінде құрылысқа 4 техника мен 12 адам жұмылдырылған.

img 2076

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button