Жаңалықтар
Индербордағы кірмежол қалыпқа келтірілді
Бұған дейін Индер ауданындағы 7 шақырым кірмежолды су басу қаупі туындағандықтан аталған тас жолдың жабылғанын хабарлаған едік. Түнгі үздіксіз жұмыстың негізінде қазір байланыс кері қалыпқа келтірілді.
Индер ауданы әкімі Дарын Шамұратовтың хабарлауынша, 11 мамыр 07 сағат 30 минуттан бастап жол ашылды. Әскерилер, төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері және аудан әкімдігі өкілдерінің жедел іс-әрекеті нәтижесінде жолдың екі шетіне топырақ төгіліп, биіктетіліп, бөгет соғылды. Жұмыстардың жалғасуына байланысты автокөліктер қозғалысы реттеліп жіберілетін болады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА