Жаңалықтар
Индер ауданында Жайық деңгейі 10 сантиметрге көтерілді
Көктемгі су тасқынына дайындық аясында Индер ауданында қорғаныс бөгетінің көлемі 25 270 метрге жетті, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Бүгінде Индер ауданы бойынша қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 17 850 метрді құрайды. Биыл көктемгі су тасқынына дайындық шаралары аясында қосымша 7420 метр бөгет салынды.
Осылайша, бөгеттердің жалпы ұзындығы 25 270 метрге дейін ұлғайды, 15 сәуірдегі жағдай бойынша 22 520 метр бөгет тұрғызылды.
Жалпы, Индер ауданы бойынша жағалауды нығайту жұмыстарына 84 бірлік арнайы техника, 425 мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар, 350 әскери қызметші жұмылдырылды. Қорғаныс бөгеттері үшін 350 400 қап дайындалды.