Жарнама
Жаңалықтар

Индер ауданында 48 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілмек

Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданда 48 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Енді тұрғын үй алаңшаларына асфальт төсеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, халық игілігіне берілмек.

 —    «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде  80 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жұмыстар аяқталған жағдайда 2023 жылдың ІІ-жартыжылдығында табыстау жоспарымызда бар. Жалпы аудан бойынша өткен жылдан бастап 9 және биылдан бастап 5, барлығы 14 жобаның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ 2023 жылға қаражат бөлінген жағдайда 3 балалар алаңының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз,- деді Д.Шамұратов.

 Айта кетейік, ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 849 млн теңгені құрап, былтырғы есепті кезеңімен салыстырғанда 3,7% артып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button