ЖаңалықтарҚоғам
«Индер-Атырау» жолындағы апат: ағайындылар көз жұмды
Атырау облысында жеңіл көлік аударылып, екі адам мерт болды.
Жол апаты 19 желтоқсанда «Индер-Атырау» трассасында болған. «Қазақпараттың» хабарлауынша, Индер ауданының Ынтымақ ауылында тұратын 32 жастағы жүргізуші «Приора» маркалы көлігімен Ақтау қаласынан әпкесін 4 баласымен бірге Атырауға жеткізу үшін жолға шыққан. Алайда, жолда көлік аударылған.
Жол-көлік апатынан оқиға орнында ағайынды 32 жастағы жүргізуші мен 38 жастағы әйел мерт болған. Аударылған көліктегі төрт бала аман қалған. Қазір жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.