ИКЕМДЕЛЕ БІЛГЕН ИГІЛІККЕ ЖЕТЕДІ
Мемлекет басшысы атап көрсеткеніндей, қазіргі әкімшілік және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформалар жағдайында мемлекеттік қызметкерлердің өз учаскелеріндегі тапсырылған іске деген жауапкершілігін арттыру, кадр резервіне кез келген адамды сүйремей, мемлекеттік қызметке өзін жақсы жағынан көрсетіп, шыңдалған, ары таза, абырой-беделі биік азаматтарды қою, бірқатар жерлердегідей басшылық қызметтерге командамен көшіп жүру сияқты келеңсіздіктердің жолын кесу үшін атқарушы билік өкілдерінен жұртшылықтың нақты, әрі тиімді жұмыстарды көргісі келетіндігі де рас.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында орынды көтерілген мәселенің бірі – бюджет қаржысы есебінен мерейтой жасаудан тыйылу керектігі. Шынында да, соңғы кезде біз маңызы болсын-болмасын той жасауға, шашпашылыққа тым әуестеніп бара жатқандаймыз. Осы жайтты Елбасымыз әлденеше рет айтқанымен, жергілікті жерлерде осыған аса мән беріле қоймайтыны түсініксіз.
Бақтыбек ТАУБАЕВ,
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің профессоры,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.