
«Игілік» бағдарламасымен салынған балабақшалар мен мектептерде мыңнан астам әйел адам еңбек етуде
Бүгін әйелдер тәрбиешілер мен мұғалімдерден бастап әкімшілерге, медицина қызметкерлеріне және техникалық қызметкерлерге дейін түрлі лауазымдарды атқаруда.
1999-2024 жылдар аралығында Атырау облысының аумағында «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында 31 білім беру нысаны салынды. Оның ішінде 15 балабақша, 15 мектеп және 1 колледж жатақханасы бар. Заманауи стандарттарға сай жабдықталған балабақшалар мен мектептерде 1 мыңнан астам әйелдер еңбек етуде.

2023 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында ТШО Атырау облысында жалпы саны 650-ден астам орындық екі мектеп салып, пайдалануға берді. 2024 жылы Құлсары қаласының «Береке» шағынауданында 600 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы аяқталды.
2024 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасының бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Қаражаттың негізгі бөлігі Атырау облысында балабақшалар, ауруханалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандар салуға бағытталды.
1999-2024 жылдар аралығында Атырау облысындағы мектептер, ауруханалар, демалыс аймақтары, балабақшалар және басқа да жалпы пайдалану объектілері сияқты әлеуметтік нысандарды салу және жақсарту үшін 110 әлеуметтік инфрақұрылым жобасына 415 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция салынды.