Халықтың белсенділігі жоғары болды

screenshot 5 Жаңалықтар

Бүгінгі сайлауда тәуелсіз байқаушы қызметін атқардым. Бұл жердегі негізгі мақсат сайлау процесін жіті бақылап, заңбұзушылықтарға жол бермеу. Тәуелсіз байқаушылардың басты принципі – ешқандай кандидатқа, ешқандай саяси партияға болыспау. Бірақ сол сияқты ешкімге қарсы да шықпау.

Бүгін сайлауға келушілердің, яғни сайлаушылардың белсенділігі жақсы. Таңертеңнен бері халық жауапкершілік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр. Аға буын ата-әжелеріміз де, 18-ге енді толған, дауыс беру құқын енді алған жастарымыз да келіп жатыр. Сайлау учаскелерінде заң бұзушылық орын алған жоқ. Жаңа жүйеге сай әділ сайлау болды деп ойлаймын. Сайлау қорытындысынан жақсы нәтиже күтеміз.

Махамбет ауданы бойынша байқаушы Гүлмира Сембаева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз