Жарнама
Жаңалықтар

Халықаралық фестиваль алғашқы күнінде 5000-нан астам туристті қабылдады

Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында алғаш рет өтіп жатқан халықаралық «Lotus Fest – 2025» фестивалі туристер ағыны мен экономикалық серпін тұрғысынан үлкен жетістікке айналды. Іс-шараға 5000-нан астам адам келіп, лотос гүлінің көркем табиғатына ғана емес, ұлттық тағамдар мен қолдан жасалған бұйымдарға да ерекше қызығушылық танытты.

Туристердің негізгі бөлігі лотос алқабына қайықпен сапар шекті. Фестивальдің алғашқы күнінен бастап 550-ге жуық қайық рейсі орындалып, әрқайсысына орта есеппен 5 адамнан мінген. Нәтижесінде 3000-ға жуық турист ерекше табиғи көріністі тамашалады. Қайықпен тасымалдау қызметі әлі де жалғасып жатыр.

img 9884
Screenshot

Туристік маусым шілде мен тамыз айларына дейін жалғасады. Қонақтар үшін киіз үйлер мен демалыс орындары дайындалып, инфрақұрылым қолайлы жағдайға келтірілген.

Фестивальдің ресми ашылуы жергілікті және танымал өнер жұлдыздарының гала-концерті мен мерекелік отшашумен аяқталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button