Жарнама
Жаңалықтар

Халықаралық байқаушы Атырауда сайлауда кедергісіз жұмыс жасауға мүмкіндік болғанын айтты

«Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясының өкілі, байқаушы Сергей Воронов бұл туралы журналистерге айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына және Халықаралық адам құқықтарын қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес ұйымдастырылған.

Халықаралық байқаушылардың кедергісіз жұмыс жасауына Қазақстанда барлық жағдай жасақталыпты. Тағы байқағанымыз, сайлауға келіп жатқан  азаматтар көтеріңкі көңіл-күйде  белсенділік танытып жүр. Бұл күн — Қазақстанның саяси- экономикалық, әлеуметтік рухани дамуының жаңа белесі боларына сенемін» деді байқаушы  Сергей Воронов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button