Келесі жылы бірнеше жыл бойы көтерілмеген халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді.
«Қазір қатардағы қызметкерлердің бәрінде жалақы – 75 мың теңге. Астана, Алматы мен Шымкентте 15 мың теңгеге өссе, басқа қалаларда 10 мың теңгеге, аудандарда 5 мың теңгеге көтерілмек» деді ол. Жалпы, еліміз бойынша аталған орталықтарда 10 мың қызметкер жұмыс істейді екен. Олардың еңбекақысын 30 пайызға көбейту үшін қосымша 6 миллиард теңге қажет.
Аман ШАМАР