ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУҒА – 11 МЛРД.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті.
«2015-2019 жылдарға арналған гео-барлау жұмыстарының бағдарламасы аясында биыл 42 жерде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысандардың жалпы көлемі 135 мың шаршы метрді құраса, осы жерлердегі барлау жұмыстарына бөлінген қаржы 6 млрд. теңгені құрайды. Жалпы, 2015 жылы геологиялық барлау жұмыстарына 11 млрд. теңге қарастырылған», — деп хабарлады Б.Нұрабаев.
Сондай-ақ, комитет төрағасы биылғы жылдың аяғына дейін Қазақстанда геологиялық есептердің электронды картотекасы жасалатындығын, бұның өзі болашақта барлық Қазақстан бойынша атқарылған барлау жұмыстарының анықтамалық ақпараттарын қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік беретіндігін мәлімдеді.