
«Газель»-дің кесірі
*Тілші естелігі
Журналист болу – мамандық қана емес, жауапкершілігі зор, ар-намысты талап ететін өмірлік ұстаным. Қоғамныңтынысын дөп басып, шындықты батыл жеткізу – қаламиесінің басты мұраты. Уақытпен санаспай, ақпарат қуғанқаламгерлердің әр сәті тарихтың бір бөлшегі іспетті.
БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өмірін баспасөз саласынаарнаған ардагер журналистердің жүрекпен жазылғанестеліктері оқырман назарына ұсынылып отыр.
Журналистік қызмет жолында талай қызықты оқиғаларға тапболамыз. Әсіресе, газет редакциясында жұмыс істеп жүргенжылдары мұндай сәттер жиі кездесетін. Солардың біріоблыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде қатардағыбөлім редакторы болып еңбек етіп жүрген кезімде болды.
Бір күні таңертең жұмысқа он минуттай кешігіп жеттім. Бұл – бас редактор Нұрлан Қабылов өткізетін дәстүрлі таңертеңгілездеменің, яғни «летучканың» басталып кеткен уақыты. Есікті ақырын тықылдатып, ішке ендім де, «Кешіріңіздер…» дегенімше, бас редактор қабағын түйіп неге кешіккенімдісұрады.
Мен де шындықты жасырмай, болған жайды айтып бердім.
– Аялдамаға жеткенімде, автобус (ол кезде көбіне жекеменшікшағын «ГАЗель»-дер жүретін) есігі ашылмай қалды. Салондақалып қойдық. Ақыры жүргізуші сүйменмен (лом) есіктібұзып ашты. Содан кешігіп келіп тұрмын, — дедім.
Кабинетте отырғандар бір сәтте ду күлді.
– Талай сылтау естігенбіз, бірақ мұндай дәлелді алғаш реттыңдап тұрмын, — деп бас редактордың өзі де жымиып, жылықабақ танытты.
Сол күні кешіккенім үшін сөгіс емес, керісінше, күлкі менкөңілге қуаныш сыйлаған сәт есімде ерекше сақталып қалды. Шындықты айту әрдайым ең ұтымды жол екенін де сол жолытағы бір түйсіндім.
Светлана МУНЬЯНОВА,
ардагер журналист,
Ақпарат саласының үздігі