Жаңалықтар
Газ тарифі төмендеді
Атырауда табиғи газ тарифі де арзандады. Яғни, 1 тамыздан бастап газдың бағасы 3 процентке төмендеп отыр.
«Өңірді табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалында жүргізілген тексеріс кезінде белгісіз себептермен 30 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырылғаны анықталды. Тұтынушылар-ға заңсыз алынған қаражатты қайтару үшін 1 тамыздан бастап монополистке уақытша газды жеткізу қызметі бойынша өтемдік тариф енгізілді. Ол мың текше метрге 1721, 26 теңгені құрады, яғни 3% түсті», — делінген Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті таратқан хабарламада.
Өз тілшіміз.