Фируза Шарипова бокстан әлем чемпионы атанды
Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Фируза Шарипова (11-1, 5 КО) IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. Оның қарсыласы 5-раундта жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Жекпе-жек Қазан қаласында өтті. Шарипованың қарсыласы — Танзаниядан келген Хеппи Дауди (8-6-1, 4 КО). Титулдық жекпе-жек әр раунды екі минуттан тұратын 10 раундқа белгіленгені белгілі. Кездесудің 5-раундында қазақстандық спортшының қарсыласы өзінің жеңілісін мойындады.
Шарипованың бірнеше жойқын соққысын жіберіп алған Хеппи жекпе-жекті ары қарай жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Шарипова өзінің кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді және IBА тұжырымдамасы бойынша өз дивизионында әлем чемпионы атанды. Хеппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.
«zakon.kz»