Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

ФАРАБИ ФЕНОМЕНІ: Ғұламадан жеткен ғибратты ұғынып жүрміз бе?

Atr.kz/14 қаңтар, 2020 жыл. Есімі дүниежүзіне мәшһүр ғұлама ғалым – әлемге ортақ тұлға. Себебі, Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері өркениетке даңғыл жол ашқан терезе болды.

Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабиге «Атырау» газеті арнайы айдар ашып отыр. Редакция жыл бойына оқырманға Әбу Насыр Әл-Фарабиден қалған мол мұраны қайта жаңғыртып, жариялап отыратын болады. Ендеше, бізбен бірге болыңыз, қадірлі оқырман!

Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық атыжөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

«Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды.

Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті», — дейді «ӘлФараби» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы «Әл-Фараби музейі» атты деректі фильмінде. Зерттеуші ғалымдар әлФарабидің балалық, жастық шақтары туралы тұшымды пікір айтпайды. Себебі, ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы.

Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдат шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек. Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымдарды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол бірнеше тілдерді әсіресе араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді.

Д ү н и е н і ң ө т к і н ш і қызықтарынан, ойын-сауықтан алыс болатын. Тұрмысына жетерлік аз дүниеге қанағат етіп, уақытының барлығын ғылым жолына арнайтын. Ол – алдыңғы толқындағы даналардың ізін қуған данышпан философ. Сондай-ақ, ол медицина ғылымын да толық меңгерген.

Ал, Шам аймағына келген кезде әл-Фараби алғашында Дамаск қаласындағы бір бақта бағбан болып жұмыс істейді. Мұнда ол жеміс ағаштарын баптай жүріп, ғылыммен айналысуын әрі қарай жалғастырады. Ол әсіресе, логика ғылымын терең зерттеді. Бұрын-соңды осы салада жазылған еңбектердің бәрін парақтап оқып шықты. Тұрмысының жұпынылығына қарамастан, қолындағы бар қаражатын кітап сатып алуға жұмсап, күні-түні ғылыммен айналысты.

Ол бақ қарауылшысы ретінде берілетін май шамның жарығымен талай томдарды оқып түгесті. Өзінің еңбектерін де жазып шықты. Еңбектері шартарапқа тарағаннан соң есімі дүниеге әйгілі болды. Уақыт өте келе оны білім иелері мойындап, өз заманының бірегей ғұламасына, біртуар дара тұлғасына айналды.

ӘлФарабидің аса парасаттылығы туралы естіген Халеб қаласының әкімі Сәйф әдДәулә әл-Хамдани оны басқа да мұсылман ғалымдармен бірге сарайына шақырып құрметтеп, қонақ қылады. Ұлы данышпанның даналық сөздерін ден қойып тыңдаған әмірші оны өзіне жақындатуды ойлайды. Оны қазылыққа тағайындайды. Әл-Фараби киетін киімі мен тұрмысына аса көп назар аудармайтын.

Оның қарапайым тіршілік кешкені сондай, кейде тіпті, тек қана қара сумен күнелткен кездері де болған. Ұлы ойшыл қазылық қызмет атқарып жүрген тұсында да ғылымнан қол үзген емес. Бірде таным өрісін одан әрі кеңейтіп, білімін молайта түсуді көздеген данышпан қазылық мансаптан бас тартады.

* * *

Әл-Фараби білімге деген құштарлығының арқасында Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанды. Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды.

Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды екі топқа бөлген. Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген. Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм ғылымдарын жатқызған. Данышпан бұл пікірін Ихса әл-Улум («Ғылымдардың классификациясы») атты еңбегінде келтірген. Осы кітап әл-Фарабидің түрлі танымдар мен ғылымдарды энциклопедиялық тәсілмен алғаш рет жүйелеген ғалым екендігін дәлелдейді. Аталмыш еңбегінде ғұлама оқырманды әрбір ғылым саласының қыр-сырымен таныстыруға тырысқан.

Е у р о п а л ы қ шығыстанушылар мен тарихшылардың пайымдауынша, әл-Фараби, сондай-ақ, Шығыстық философиясының да негізін қалаушы. Олар ұлы кемеңгердің келелі пікірлерінің астарларына үңіліп, көп зерттеген. ӘлФарабидің ойшылдығына тәнті болысқан. Ғұламаның пікірлерінің құндылығы сонда – ол философиялық ойтолғаныстарын ежелгі грек философтары Аристотель, Платондардың пікірлері негіздерінде өрбіте оты
рып, сол пікірлерді ислами негіздерге орайластырған.

Сондай-ақ, әл-Фарабидің Ара’у әл-Мәдинат әл-Фадила («Ізгі қаланың пікірлері») атты атақты кітабы бар. Б ұ л е ң б е к т е ұ л ы философтың этика, қоғамтану, саясат, теология, психология салаларындағы құнды пікірлері жинақталған. Әл-Фараби ізгі қала деп идеалды билік жүйесін атайды. Ол қаланың тұрғындарының осы дүниеде де, ақыретте де бақытты болуларының жолдарын іздейді. Әрбір халықтың осы бақытқа жетуі үшін керекті жайттардың ғылыми негіздерін жасап шыққан.

Мысырдың жиырмасыншы ғасырдағы ойшылы Аббас Махмуд Аққад әлФарабидің аталмыш кітабы жайында: «Әл-Фарабидің басқа мұсылман философтарынан ерекшелігі сол – ол саясатты таза философиялық т а н ы м т ұ р ғ ы с ы н а н қарастырып, зерттей білген. Биліктің ең идеалды түрін елестетіп, оның жүзеге асуы үшін қажетті этикалық нормалар, саяси принциптерді белгілеген. Билеуші мен бағынушының мақсаттарын нақты түрде айқындаған. Жамандық пен азғындық жайлаған қоғамды қатты сынаған. Айналып келгенде мұның бәрі әлФарабидің кемеңгерлік деңгейі мен пікірінің еркін екендігін дәлелдейді», — деп ой тербейді.

***

Әл-Фарабидің өзінен бұрынғы философтардың еңбектеріне жазған түсіндірмелері бар. Атап айтар болсақ: Батлеймостың «әл-Миджасти» кітабына, Аристотельдің «әл-Бурһан», «әлХитаба», «әл-Қияс», «әл-Мақулат», «әс-Сәмә уа әл-Аләм», «әл-Ахлақ», «әл-Әсәр әл-Улуия» кітаптарына жазған түсіндірмелері. Сондай-ақ, бұларға қосымша өзі жазған «Шурут әл-Қияс», «әл-Жәдәл», «әл-Мауадиъ әл-Муғлита» атты кітаптары да бар.

Сонымен қатар, түрлі қоғамдық құрылымдар жайында «әл-Мәдинат әл-Фадила», «әлМәдинат әл-Жәһилә», «әл-Мәдинат әлФасиқа», «әл-Мәдинат әл-Мубдәлә», «әлМәдинат әд-Далла» атты еңбектері және теология тақырыбында философ Ар-Разиге жазған жауабы, «Мәбәди Ара’и әл-Мәдинат әл-Фадила», «Китаб әл-Мусиқа әл-Кәбир» тағы басқа толып жатқан құнды туындылары бар.

Білімінің осыншама молдығына таң қалған бір кісі әл-Фарабиден: «Сіз көп білесіз бе, әлде Аристотель көп біле ме?» – деп сұрағанда, данышпан: «Онымен замандас болған жағдайда мен оның ең мықты шәкірті болар едім», — деген екен…

Дайындаған: Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button