Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Еуропаға еліктеген қазақ қыздары балалы болудан бас тартып жүр ме?!

Жуырда танысымыз қонаққа шақырып, бес-алты шаңырақтың басын қосты. Біздің жасымыздың да, қызметіміздің де, тұрмысымыздың да, тіпті өмірге деген көзқарасымыздың да түрлі екеніне шамалы уақытта көз жеткізгендей болдым.

…Неге екенін білмедім, менің ойымды қарсы отырған ерлі-зайыпты бөле берді. Жастарының біразға келіп қалғанына қарамастан екеуінің бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі ерекше көрінді. Шәйдан кейін ерлер мен әйелдер бөлініп, топталып кеттік.

Үй иесінің жары жаңағы өзгешелеу әйелді бізге жақынырақ таныстырды: – Бұл – Элеонора, осындағы белді компанияның аудармашысы. Жолдасы да сонда қызметте. Көрші болып жатырмыз. Өздері Алматы жақтан. Бізге келісім шартпен жұмысқа келгендері… Бәріміз «жақсы болған екен» десіп, Атырау, оның халқы жайлы ойын сұрап жатырмыз. Осы сәтте Эля ойламаған жерден былай деді:

– М а ғ а н қ ы з ы қ , еще түсінбеймін: женщины столько детей нарожают, и подаяния просят. Разве так можно?! Сен өзің тудың – өзің бақ! Мен осылай ойлаймын. Баға алмасаң, тума. Кто тебя заставляет!.. Мұндай сөзді күтпеген біз бір-бірімізге қарап, үнсіз отырып қалдық.

Ал, аудармашы қонағымыз тағы бірдеңелерді айтып, үдетіп барады. Сосын мен одан өзінің неше баласы барын сұрадым. Бұл сұрақ оған тосын көрінді ме, баттита бояп алған көкшіл көздерін төңкеріп жіберіп маған қарап: – А зачем?! Бала жоқ бізде. Вот скитаемся по городам – қалай бағамыз?.. – демесі бар ма. Бұл жауапқа жанымда отырған аналар мен әжелер үрке қарады.

Бәрінің де іштерінен «мұнысы несі, Құдай-ау, бала адамның бауыр еті емес пе!» деп отырғандары бесенеден белгілі еді.

  • Саналы түрде балалы болмау

Көріп отырғанымыздай, баласыз болуды қайсыбір адамдар саналы түрде өздері таңдайды. Мұндай құбылыс Еуропа елдерінде өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары пайда болса, кейін Ресей, енді, өкінішке қарай, Қазақстанға да жетті. – Көбіне қазақ отбасыларында ең көп дегенде үш баладан. Саны да азайып жатыр. Бұл үрдіс бізде жылдан-жылға өсе бастайды. Оған қоса, әйелдердің тұрмыс құру жастарының жоғарылауы бар. Яғни, бұрын 25 жас болса, қазір бұл – 35-40 жас. Ол да өзінің әсерін тигізбей қоймайды, дейді әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова. Бұл мәселеге қазақстандық депутаттар да алаңдаулы. Себебі, баласыз өмірді таңдаған жастардың көбеюі ел демографиясына айтарлықтай зиянын тигізеді.

  •  – О бастан ананың физиологиялық жаратылысы мен қасиеті ерекше. Тұрмыс құрып, сәби көтеріп, аман-сау жеңілденіп, оны емізуі қандай! Мұндай баға жетпес аналық қасиетті ештеңемен теңестіруге болмайды. Бұл аналарға берілген үлкен сый! — дейді Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Алуа Сыралиева.

 Өзіммен күнбе-күн дерлік кездесіп, сәлемдесіп жүретін 35-45- тегі қыздарға «уақыт өтіп жатыр, неге күйеуге шықпайсыңдар?» десем, «балалы болғымыз келмейді» дейді. Ал, баласыз әйел кімге керек?! Өкініштісі сол, ана болудан, өмірге сәби әкелуден ерікті түрде бас тартып отырған осы қыздардың бәрі де – балалы болуды саулығы көтеретіндер, көрерге көз керек, үріп ауызға салғандай бойжеткендер. Олар неге осындай қатыгез шешімге келді, белгісіз…

Осы сіңлілерімді көргенде, сан жылдар бойы бір перзентке зар болып жүрген келіншектерге жаным ашиды. Біреу бар мүмкіндікті пайланбайды, біреу соған өмір бойы зар. Әттең, келте өмір-ай!..

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button