Жарнама
Жаңалықтар

Еуроодақ серіктестікке мүдделі

Еуропалықтарды әсіресе, ғасыр жобасы атанған «Қашаған» қатты қызықтырып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қабылдауында болған Еуроодақ мемлекеттерінің елшілері мәлімдеді.

– «Қашаған» – Қазақстан ғана емес, күллі Еуропа елдері үшін де маңызды жоба. Бізді әсіресе, өндірістік мәселелер қызықтырады. Бұған дейін мен «ЕХРО – 2017» көрмесін, «Жібек жолы» жобасын Орта Азия елдері үшін ең маңызды фактор ретінде атаған едім. Бірақ, Қашағанның жөні мүлде бөлек. Жобаға жұмсалатын қаражат «Батыс Қытай – Батыс Еуропаға» салынатын инвестициядан да асып түседі», – деген Нидерланд Корольдігінің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан республикаларындағы төтенше және өкілетті елшісі Хенри Хуберт Дриссер Қашағанның уақытылы іске қосылуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы байланысты нығайтатынын айтты.

Елші, Қазақстан Республикасындағы Еуроодақ өкілдігінің басшысы Христеа Траян Лауренцю Еуропа елдерінің көптеген инвесторларының Қазақстанда сәтті жұмыс атқарып жатқандығын атап өтті. «Бізді өндіріспен бірге, Қазақстанның мұнай-газ секторындағы білім, ғылым саласы да қызықтырады. Осы мақсатта да әріптестікті арттыруға мүдделіміз» деді ол.

Тараптардың ой-пікір, ұсыныстарына ризашылығын жеткізген облыс әкімі сыртқы инвесторлардың тиімді жұмысы үшін елімізде барлық жағдайдың жасалғандығын атап өтті. «Қашаған – ауқымы, технологиясы жағынан теңдессіз жоба. Пайдаланылып отырған материалдар, жобаланған мұнай өндіру үлгісі де бұрын-соңды қолданылмаған технология болып табылады» деген облыс басшысы шетелдік инвесторлармен бірлескен іске Қазақстанның қашан да мүдделі екендігін атап өтті.

Айта кеткен жөн, делегация құрамында Литва Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас та болды.

БаянЖАНҰЗАҚОВА.

 Суретті түсіргенӘнуарӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button