
Ертіс бойындағы алып кимешек халықаралық рекордтар кітабына енді
Ертіс өңірінде ерекше мәдени бастама жүзеге асты. Қазақ әйелдерінің киелі бас киімі саналатын кимешектің алып инсталляциясы жасалып, ол халықаралық рекордтар кітабына енді.

Qazaqparat ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, алып кимешекті жасау идеясы — аналардың ұлттық құндылықтарға деген құрметінің белгісі. Инсталляцияның биіктігі – 3 метр 80 сантиметр, ал алдыңғы бөлігі – 2 метр 35 сантиметр. Бас киімнің дизайны күміс және металл тиындармен безендіріліп, жалпы 2025 дана моншақ, оның ішінде інжу мен өзге де асыл тастар пайдаланылған.

–Бұл мәдени жоба қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеуге, ұлттық мұраны болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Ертіс бойындағы аналардың бұл бастамасы көпшілік тарапынан үлкен қолдау тапты, — делінген Qazaqparat агенттігі таратқан мәліметте.