Жарнама
Жаңалықтар

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі, 14 қаңтар күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Күн тәртібінде электрондық сауданы дамыту, Харбин қаласындағы IХ қысқы Азия ойындарына дайындық мәселелері қаралады.

Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button