Ертеңгі күнге – ерекше сенім
Людмила ЛИ,
«Тхоньил» этномәдени бірлестігінің төрағасы:
Бүгінгі күні Үкімет пен Парламенттің құзыреттілігін, мүмкіндігін кеңейту мәселесі қаралуда. Осы кезеңде заңгерлік, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтар мен арнайы құрылған жұмысшы тобы да іске қосылады. Осы орайда мемлекеттік билік жүйесіне қатысты Елбасы реформасының бастамасын сапалы заңмен қамтуда барлық деңгейдегі депутаттық корпустың жауапкершілігі артып отыр.
Ұлт Көшбасшысы қазақстандықтарға саяси мәдениеттің жаңа деңгейіне шығуды ұсынады. Ол билік тармақтарының арасындағы өзара негізгі принциптердің іс-қимылдарына әсер етеді.
Біз ертеңгі күнімізге сенімді болуымыз керек, себебі бұл – балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы. Ал, Елбасының халыққа Үндеуі бір күнде жоспар- ланған қадам еместігін ескерсек, бүгінгі прогрессивті шешім – бүкіл елдің алдағы жылдары атқарар міндеттерін айқындайтын айнымас бағыт, даңғыл жол. Бұл – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуіне үлкен мүмкіндік.
Менің ойымша, бұл жаңа өзгерістер, әсіресе, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық реформаларды жаңа деңгейге көтереді.
Жұмысшы тобының алдында үлкен жұмыс тұр. Алдымен, еліміздің дамуы үшін отандық және шетелдік тәжірибені егжей-тегжейлі сараптап, нақты, әрі дұрыс жолды табулары қажет.
Дәл қазіргі кездегі аса өзекті болып тұрған салалық бағыттар мен өткір тұстарды түгел қамтыған бағдарламалық құжаттарды іс жүзіне асыру мемлекеттілікті нығайта түсуге жағдай туғызып қана қоймай, біздің елдің әлемдегі ең дамыған мемлекеттермен қатар тұруына мүмкіндік жасайды. Қазақстанды экономикасы дамыған, заманауи мемлекетке айналдырары анық.
Мемлекет басшысы жүк-теген міндеттер ел дамуының дәл қазіргі кезеңінде аса ауқымды, әрі өте маңызды екені даусыз. Сондықтан, оның орындалуы біздің әрқайсымыздың жауапкершілігімізге, білімділігімізге және біліктілігімізге байланысты болады. Бүгінгі заман талабы бір орында тұрып, қол жеткенге қанағат етуді көтермейді. Үнемі ізденісте болып, еліміздің өркениет көшінің басынан табылуына жол ашатындай ұсыныстар беруге белсене атсалысуымыз керек.