
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам
Атырауда құрылыс бағытында «ашық есік» күні өтеді
Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. Ертең Атырауда құрылыс саласына қатысты «ашық есік» күні өтеді.
«Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 13 наурызында Сәтпаев көшесі, 5 үйдің ғимаратында сағат 09:00-12:30 аралығында «ашық есік» күнін өткізеді. Бұл күні аталған бөлім тарапынан көрсітілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсінік жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындар жауапты тұлғаларға тікелей сауалдарын қойып, нақты жауап ала алады.
