
Жаңалықтар
Ерлікке тағзым
Өткен аптада Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжімен бірлесе отырып, тәжік-ауған шекарасындағы қаралы оқиғаға арналған «Ерлікке тағзым» атты шара өткізді.
Департамент бастығының орынбасары Марат Ізмағамбетов Отан алдындағы антына берік болғандығы Қазақстан жауынгерлері туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері Алишер Кулов, Асқар Жұмағазиев, Құндызбай Құсайынов, облыстық тәжік-ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Қадырқұлов және Сергей Алпатанов естеліктерімен бөлісті.
Урбайза АБИТОВА,
Атырау облысының Қорғаныс істер жөніндегі
департаменті
баспасөз қызметінің бастығы.