Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Ерлан ҚАРИН: «Бұл шешім – еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күштерінің өзара келісімді пікірі»

Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Елімізде 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетін болып шешім қабылданды. Осыған қатысты «Atr.kz» сайты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып жаңа қызметке тағайындалған Ерлан Қариннің пікірін жариялауда жөн көрді.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ой-пікірді таразылай келе сайлау өткізу жөнінде маңызды шешім қабылдады, — дейді ол. – Президент ең бірінші кезекте Елбасымен кеңесті. Парламент палаталарының басшыларымен, Премьер-Министрмен және Конституциялық Кеңес төрағасымен кеңесті. Жетекші саяси партия көшбасшыларымен кездесті.

photo 229143
Ерлан Қарин

Осылайша, кезектен тыс сайлау өткізу жөніндегі шешім барлық қажетті саяси үрдістердің сақталуымен қабылданды. Сондай-ақ, бұл жерде қоғамдағы қызу талқылау да ескерілді. Сайып келгенде, осынау маңызды мәселенің барлық қоғамдық-саяси қыр-сыры негізге алынды. Міне, сондықтан, бұл шешім – еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күштерінің өзара келісімді пікірі.
Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта «енді не болар екен?» деген сұраққа қатысты көптеген әңгімелер мен сауалдардың орын алғаны рас. Шынымен де, әрі қарай қалай болады? Сондықтан да Президент осындай сұрақтардың бәріне нақты нүкте қойды. Себебі, әртүрлі алып-қашпа әңгімелер мен ішкі пікір-таластар адамдарды алаңдатып, жаңару мен өзгеру үрдістеріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы орайда, бұлыңғыр белгісіздікті болдырмауға алдағы сайлаудың ролі зор. Мемлекет басшысының «Президент халықтың қалауымен сайланады» деп айрықша атап өтуі де тегін емес. Бұл – оның халыққа үндеуіндегі ең басты сөзі» деп нақтылады саясаттанушы.

«Atr — Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button