Еріктілердің еңбегі өлшеусіз
Атырауда «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қоры аясында құрылған «Теңіз жүрегі» жобасы мен халықаралық «Frends of Atyrau» еріктілер тобы бірігіп, гуманитарлық көмек жұмылды.
Олар табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарға жіберілетін көмекке жемістер, көкөністер, түрлі азық-түлік өнімдерін тапсырды. Еріктілер қандай жағдай болса да көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
— Бүгін біз су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында басталған акцияға атсалысудамыз. Осыған орай жедел түрде қажет болатын заттарды алуға супермаркетке бардық. Біздің тобымызда тағы 8 ерікті бар. Осындай қиын кезеңде өзгеге қол ұшын созу — азаматтық парызымыз деп білемін, — дейді халықаралық «Frends of Atyrau» еріктілер тобының еріктісі Энн Фьюстен.
Малика ТӘКЕЖАНОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ