Жарнама
Жаңалықтар

ЕРІКТІ ӘСЕМ ӘЛІПҚАЛИЕВА ӘЛЕУМЕТТІК ЖАТАҚХАНА САЛУДЫ ҰСЫНДЫ

Atr.kz/12 наурыз, 2019 жыл. Көп балалы ана, ерікті Әсем Әліпқалиева аз қамтылған, жағдайы төмен отбасылар үшін жатақхана салуды ұсынды.

000 321

“Өзім атыраулық волонтерлар жетекшісі Болатбек Қоңырбаев бастаған еріктілер тобының мүшесі болғандықтан, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жиі барамын. Аналары санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін жаппа үйді жалдауға мәжбүр. Балалар едені жоқ үйде тұрып жатыр. Сондықтан, мүгедек бала, көп бала тәрбиелеп отырған жағдайы төмен отбасылар үшін жатақхана салынса, тұрғындарға коммуналдық төлем төлеуді ғана міндеттеп, тұрғын жай тегін берілсе” деп нақтылады көп балалы ана, ерікті Әсем Әліпқалиева.

Бұған дейін Атр.кз-ге сұхбатында көп балалы ана, ерікті Әсем Әліпқалиева көп балалы отбасылар үшін әлеуметтік орталық ашу ісін қолға алғанын хабарлаған болатын. Құрманғазы мәдениет үйінде өтіп жатқан жиында ерікті Әсем Әліпқалиева әлеуметтік орталыққа ғимарат бөлу мәселесін көтерді.

“Егер, бұрынғы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның ғимараты берілетін болса, жөндеу жұмыстарына кәсіпкерлер жұмылдырылса екен. Және әлеуметтік орталыққа тәрбиеші ретінде көп балалы аналарды жұмысқа тарту мәселесіне атсалыссаңыздар екен” деді көп балалы ана, ерікті Әсем Әліпқалиева.

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев ерікті Әсем Әліпқалиеваны жеке қабылдайтынын айтты.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауға ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация келді. Жұмысшы топтың құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, “Нұр Отан” партиясының хатшысы Қаныбек Бекболатұлы бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button