«Ерікті болу емес, бұл саналы таңдау» дейді Арман Қасымов

img 1181 Жаңалықтар

Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл.  Еріктілер – өзгелерге жақсылық  жасауға жаралған жандар. Олар  әрбір ісін ешқашан ешбір  ақымен  өлшемейді.

Осындай жомарт жанның бірі атыраулық Арман Қасымов жыл соңында «Ұлттық волонтерлер» желісі ұйымдастырған «Қазақстанның  үздік  еріктісі – 2 0 1 9 » с ы й л ы ғ ы н д а медицинадағы еріктілігі үшін үздік деп танылды.

Арман Қасымов – он бір жылдан бері облыстық жедел жәрдем бекетінде ерікті болып қызмет көрсетіп келеді. Шетелдік жоғары оқу орнын мұнайшы мамандығы бойынша бітірген кейіпкеріміз в о л о н т е р л і к т е   е ң  а л ғ а ш  қатардағы ерікті-санитар болып бастаған. Бірнеше жыл бұрын отбасына жедел жәрдем шақыртқандағы жағдай оның волонтерлікке келуіне себепші болса керек.

– Жақын адамым үшін шақырған жедел жәрдем бригадасы өте ұзақ уақыттан соң келді. Егер сала мамандары уақытында келгенде, көңіл толмайтын жағдай тіркелмеуі мүмкін еді. Бұдан кейін неге бұлай болғанын анықтау үшін келесі күні стансаға бардым. Мән-жайды анықтаған соң, өз еркіммен санитарлық жұмысқа сұранып, тегін жұмыс істей бастадым. Мен алғашында жедел жәрдем көліктерін жудым. Дәрідәрмек қобдишаларын толтырып, зембілдерді көтерістім. Тіпті, кезекті бір жедел жәрдем шақыртуында жүкті әйелді босандырып алған кезіміз де болды, – дейді ол.

Арман осынша уақыт өзі ерікті бола тұра бірқатар тұрғынды да өзінің қасына жинай білді. Елімізде тұңғыш рет мектеп оқушыларынан құралған алғашқы көмек көрсетуші еріктілер тобының құрылуына да белсене атсалысты. Кейіпкеріміз қазір өзін осы жұмыссыз елестете алмайтынын айтады. «Адам саулығы – қашан да басты байлық. Ал, оның өміріне қауіп төнгенде ең бірінші алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы зор. Осы орайда жедел жәрдемдегі еріктілік қызметті одан әрі арттырсақ игі. Әрбір адам алғашқы көмекті, соның ішінде базалық реанимацияны жасап үйренсе деймін. Мұны б і л г е н  а д а м н ы ң  ө з г е н і ң өміріне қауіп төнген сәтте дер кезінде оны құтқарып қалуда септігі зор» дейді Арман Қасымов.

Бүгінде Арманның бұл бастамасы басқа да азаматтарды бейжай қалдырмай, олардың да аталмыш салада ерікті болуына ықпал етуде. Оның әлеуметтік желілердегі еріктілікке шақыру постына бірнеше адам жауап берген. Жүздеген ерікті жедел жәрдем қызметкерлеріне т е г і н к ө м е к к ө р с е т у г е шешім қабылдаған. Алдағы еріктілер жылында олардың қатары одан әрі артады деп сенеміз.  Сонымен  қатар ,

«Қазақстанның  үзд і к  еріктісі – 2019» сыйлығында «Корпоративті еріктілік» аталымында үздіктер қатарынан орын алғандардың бірі – «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасының жетекшісі Майя Шаменова.

 Аталмыш   дамыту бағдарламасы – 2012 жылдан бері «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жұмыс істеп келе жатқан ұйым. Бүгінде оның мүшелері еріктіліктің бірнеше бағыты аясында жұмыс істеуде. Әсіресе, қайырымдылық ісшараларына белсене атсалысып, білім беру жұмыстары, әлеуметтік және экологиялық жобаларда жоғары деңгейде  танылып  келеді .

 О л а р көгалдандыру жұмыстарына да белсене кірісіп, жоқ-жітікке көмек қолын созудан да кенде емес. Тіпті, қоқыс та жинап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға баса мән береді.

Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын топ еріктілері қайраңға шығып қалған он мыңдай балық шабағын құтқаруға бір кісідей жұмылды. Өздерінің осынау істерін ешбір міндет санамайтын олардың бұл игі жұмыстары бүгінде барша тұрғындарға үлгі болса екен.

img 1182

Алтыншаш  ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз