
Ерекше балаларға — айрықша көңіл
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Атырау қаласындағы «Нұрлы тал» этнопаркінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараны «AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалы мен «Жанеркем-ай» қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізді.
Мерекелік іс-шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, партияластар мен аталған қоғамдық бірлестіктен 50 ерекше бала мен оның ата-аналары қатысты.
-Атыраулық балаларды бүгінгі халықаралықбалаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балаларға бақытты балалық шақ тілеймін! Тағдырдың сынағымен арбаға таңылып, ауырып қалған баларымыз жазылып, аяққа тұрып кетсін! Балалар – біздің байлығымыз! Олардың алаңсыз балалық шағы үшін, ем алып, дамуы үшін еңбек етіп, тер төгіп жүрген ата-аналарға алғысымыз шексіз, — деді Атырау қалалық мәслихатының депутаты, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Айжан Сәрсембаева.
Балалардың барлығына партияның атынан қомақты сыйлықтар табысталып, мерекелік дастархан жайылды. Түрлі тәттілер таратылып, мерекелік концерт қойылды.
Өз кезегінде сөз алған аталған бірлестік төрайымы Әлия Құбаева және ата-аналар балаларды қуантып, мерекелік көңіл күй сыйлаған «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалына, депутаттарға аналық алғыстарын жаудырды.
Еркеназ ҚАЛИЖАН