Ерекше балалардың аналарына – ерекше құрмет

a7cc8b3ba7797e630b84a3d0e06e2472 xl Жаңалықтар

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ЖанЕркемай-Атырау» қоғамдық қор атыраулық ерекше балалардың аналарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Sultan Palace» мейрамханасында өткен іс-шарада дамуында кемшіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 150 анаға арналып мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

– Біздің қоғамдық қорда барлығы 150 бала тіркелген болса, оның 80-і – арбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі бала. Орталығымызда 70 ерекше бала түрлі спорт түрімен де шұғылдануда. Осы балаларды өсіріп отырған ата-аналарды да назардан тыс қалдырғымыз келмей, әр мереке сайын көңіл бөлуге тырысамыз. Бұл жолы аналарымыз дастарханнан дәм татып, бір-бірімен еркін форматта әңгімелессін, балаларын қалай емдетіп, қандай дамыту орталықтарына апарып отыр осы жөнінде ақпарат алсын деп шақырып отырмыз. Көріп тұрғаныңыздай, шара еркін форматта, мереке қарсаңында аналарымыздың көңіл-күйлерін көтеруге бағытталып отыр, – деді «ЖанЕркемай-Атырау» ҚҚ жетекшісі Әлия Құбаева.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз