Жарнама
Жаңалықтар

ЕҚДБ өкілдері механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудың II кезеңімен танысты

Tazalyq эко-жобасын қаржыландырушы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытында болды. Делегация құрамында Орталық Азия бойынша ЕҚДБ атқарушы директоры Жужанна Харгитай, Қазақстан бойынша ЕҚДб басшысы Хусейн Озхан, Орталық Азиядағы ЕҚДБ табиғи ресурстар департаментінің мамандары Акоп Каграманян мен Нұржан Сахариев бар.

Кездесу барысында АМӨЗ басшысы Мұрат Досмұратов Tazalyq жобасына жергілікті әкімдік қана емес, Экология және табиғи ресурстар министрлігі де үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

-Атырау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуда Tazalyq жобасы маңызды рөл атқарады. Қазір жабық типті ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын (МҚҚ) жаңғыртудың екінші кезеңі жүргізілуде. Жобаны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Механикалық тазарту қондырғыларын жаңғырту алаңында қонақтар құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ АМӨЗ-бен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниеттерін білдірді.

-Самрұқ-Қазынамен бірге бірнеше ірі жобаларды жүзеге асырудамыз. Атырау мұнай өңдеу зауыты «ҚазМұнайГаздың» негізгі кәсіпорындарының бірі, сондықтан сіздермен жұмысты жалғастырамыз деп үміттенеміз, — деді Хусейн Озхан.

Еске сала кетейік, 2019 жылдан бері АМӨЗ ауқымды Tazalyq жобасын іске асыра бастады. Оның аясында механикалық тазарту қондырғыларын жаңғыртудан бөлек нормативтік-тазартылған ағынды су каналын реконструкциялау және булану алқаптарының бір бөлігін рекультивациялау жұмыстары қарастырылған. Жоба ЕҚДБ қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button