ЖаңалықтарҚоғам
Энергетика министрлігі бензиннің шарықтауын елдегі көліктердің көптігімен түсіндірді
Энергетика министрлігі бензиннің шарықтауын елдегі көліктердің көптігімен түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.
Өйткені, соңғы 15 жылда машина саны 1 жарымнан 4 миллионға бір-ақ жеткен. Сондықтан тұтыну көп болғандықтан сұйық отын жетпей жатыр екен.
Жоспар өзгеріп кетпесе, 2018 жылдан бастап ішкі нарық жүз пайыз отандық өніммен қамтылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, АИ 80 маркалы бензинді шығару бұдан былай тоқтатылады. Сұйық отынның бұл түрі тек тапсырыс бойынша өндірілмек.