Жарнама
Жаңалықтар

ЕНДІ ПИК-ТІҢ ОРНЫНА БІРЛЕСТІК НЕМЕСЕ СЕРІКТЕСТІК ҚҰРЫЛАДЫ

Бұл туралы брифнг барысында Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикер еліміздің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі кейбір заңнамаларға 2019 жылғы 26 желтоқсанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Айтуынша, келер жылдың 1 шілдесінде Атырау қаласындағы тұтынушы және пәтер иелері кооперативтері түгелдей таратылмақ. Соған дейін әр пәтер мен үй-жай иелері жиналыс жасап, үй кеңесін құрулары қажет. Сол кеңестің төрағасын сайлап, басқару формасын таңдауға тиіс.

– Енді үй басқарудың екі формасы енгізіледі. Бұл – мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі. Тұрғындар екеуінің біреуін таңдайды. Бірлестік үшін тұрғындар дауысының 3,2 пайызы, ал, серіктестікке 100 пайызы керек. Бірлестік заңды орындарға тіркелсе, ал, серіктестік құжаттары тек тұрғын үй инспекциясына ғана тапсырылады. Келесі жылдың 1 шілдесіне дейін тұтынушы және пәтер иелері кооперативтері тұрғындардан құрылған үй кеңесіне тұрғын үйдің барлық құжаттарын толықтай тапсырулары қажет, — деп түсіндірген Қайрат Тауфихұлы толық ақпаратты Смағұлов көшесі, 52 «а» мекен-жайы бойынша алуға болатынын ескертті.

Айта кетейік, облыс орталығында 1208 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 872-сі 81 ПИК-тің қызметін пайдалануда. Бүгінде тұрғындардан 368 жай серіктестік құруға келісім алынып, 5 мүліктің меншік иелері бірлестігі (ОСИ) құрылып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button