Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Енді оқушылардың жолақысы 150 теңге бола ма?

Atr.kz/19 қараша, 2019 жыл. «Смарт Атырау» ҚММ директоры Әділбек Танкиев тасымалдаушылар оқушыларға жол жүру ақысын рәсімдеу үшін жеткілікті уақыт ұсынуына байланысты 1 желтоқсанда smart-картасы жоқ оқушылар үшін автобустарда 150 теңге төлейтіндігін айтады.

— Бұрын біз тасымалдаушылармен мектеп оқушыларының жол жүру билеттері дайын болмаған кезде, олар тегін жүретіндігі туралы келісімге келген едік. Карта енгізгелі бері 1,5 ай өтті. Осы уақыт ішінде оқушылар жол жүру билеттерін алуы керек болатын. Сондықтан, 1 желтоқсанда қолында картасы болмаған оқушы 150 теңге төлейді, — деді Әділбек Танкиев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жол жүру карталарын рәсімдеу кезінде оқушылардың белсенділігі төмендеді, өтінімдер өте аз. Әр оқушыға субсидия алғандар  мектеп оқушыларын тегін тасымалдау тиімсіз болып отыр.

Еске сала кетейік, оқушылар жол жүру картасын жасау үшін ЖСН мен 3×4 фото қажет.

Дереккөз: ATpress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button