Жарнама
ЖаңалықтарСаясатШаһар шырайыЭкологияҚоғам

Енді еуростандартқа сәйкес қоқыс жәшіктері қойылмақ

Атырауда жыл соңына дейін еуростандартқа сәйкес 200-ден аса қоқыс жәшігі сатып алынады.

45219446_576936402741030_5386451690029318144_o

– Қазіргі уақытта 120 жаңа жәшіктер қалаға әкелініп, орнатуға дайындалуда, — деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Осылайша, облыс орталығында ғана емес, қала маңындағы ауылдық округтерде де қоқыс алаңдарының болдырмау мәселесі шешілетін болды. «Арнаулы автобаза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, қазір қалада 700 алаңда 3600 қоқыс жәшігі орнатылған. Күн сайын қоқыс полигонына екі ауысымда 300 тоннаға дейін қоқыс тасылады.

– Атырау қаласының әкімдігі 222 жаңа еуро стандартты қоқыс жәшіктерін сатып алды, бүгін олардың 120-сы қалаға әкелінді және орнатуға дайындалуда. Ал, қалған 102-сі апта соңына дейін қабылданады. Біз оларды облыс орталығының көшелерінде қоюды жоспарлап отырмыз. Ескі қоқыс жәшігі жөнделіп, қала маңындағы ауылдық округтерге орнатылды, — дейді аталған мекеме басшысы.

Атырау қаласын санитарлық тазалаумен айналысатын кәсіпорында 280 қызметкер жұмыс жасайды. Теңгерімде 150 арнайы техника болса, соның үштен бірі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысады.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button