Жарнама
Жаңалықтар

Енді атыраулықтар тelegram-бот арқылы діни бағыттағы парақшалардың ресми екенін анықтай алады

Осы жылдан бастап атыраулықтар үшін арнайы «ATO.kz» атауымен жаңа тelegram-бот іске қосылды. Аталған бот арқылы өңір тұрғындары өз әлеуметтік желілерін күмәнді діни парақшалардан қорғай алады. Бұл туралы облыстық Дін істер басқармасының басшысы Қайролла Көшкалиев баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дін істер басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауымен өңірде алғаш рет «ATO.kz» атауымен жаңа тelegram-бот іске қосылған. Бұл бот арқылы атыраулықтар діни бағыттағы топтар немесе ҚР-ның аумағында тіркелмеген дәстүрлі емес тұлғаларға, уағызшыларға жазылғанын тексеру мүмкіндігі бар.

-Бүгінде әлеуметтік желінің дамыған заманында жат ағымға түсіп, адасып жатқан жерлестеріміз өте көп. Желі арқылы белгілі бір ұйымға тіркеліп, басқа елге барып оқу оқып, оралғаннан кейін өз дәстүрлеріне қарсы шығып, отбасынан безіп жатқандар да аз емес. Атырау облысы Дін істер басқармасына жылына әр-түрлі ата-аналар келіп, баласының адасып жүргенін айтып, шағымданады. Міне, осындай жағдайлардың алдын-алу үшін үнемі дін жолында жүрген балаларды тексеріп тұру керек. Оның кіммен жүргенін, қандай білім алып жатқанын және әлеуметтік желі арқылы кімді оқитынын тексеруге бұл бот жақсы мүмкіндік,- деді Қ.Көшкалиев.

Облыстық Дін істері басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы Ізбасар Салимов бұл боттың пайдалану жолдарына тоқталып өтті.

-«ATO.kz» тelegram-боты облыс бойынша тіркелген кез келген тұлғаның әлеуметтік желілерінің сілтемесі арқылы күмәнді, қауіпті топтарға тіркелгені бойынша тізім шығарып береді. Ең алдымен тelegram бағдарламасын жүктеп алып, «ATO.kz» деп боттың атауын енгізіп, тіркелесіз. Содан кейін облыс аумағында тіркелген парақшаның сілтемесін қойып, желіңізді тексеріп алу мүмкіндігі бар,- деді І.Салимов.

Айта кетейік, аталған тelegram-бот

https://t.me/AtyrauATOInfo_bot

анонимді түрде жұмыс істейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button